Мәжіліс депутаты: «Заречныйда» 400 балаға арналған мектепте 800-ге жуық бала білім алуға мәжбүр
Мәжіліс депутаты: «Заречныйда» 400 балаға арналған мектепте 800-ге жуық бала білім алуға мәжбүр
591
оқылды
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов «AMANAT» партиясының өкілдерімен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы «Заречный» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Онда талқыланған басты мәселе мектеп құрылысы туралы болды. Елорданың қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, «Заречный» тұрғын үй алабында әлі күнге дейін мектеп салынбаған.  width=     №45 орта мектептің салынғанына 34 жыл болған. Бүгінде 400 баланы ғана қамти алатын мектепте 800-ге жуық бала білім алуда.
«Кездесуде бірқатар қалалық, тіпті республикалық деңгейдегі  мәселелер көтерілді. Қалалық деңгейдегі проблема – ол құрылыс, көшелерді кеңейту, коммуникациялық мәселелер және т.б. Барлық мәселелерді жазып алдық, бақылауға аламыз», – деді Мәжіліс вице-спикері Павел Казанцев.
Мәжіліс Төрағасы орынбасарының айтуынша, тұрғындар тарапынан көтеріп жатқан сұрақтардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдардың деңгейінде шешілетін мәселе.
Өз кезегінде Елдос Абақанов: «Ең көп көтерілген сұрақ: «Мектеп қашан салынады?». Мектеп бұл ауданға әрине жеткіліксіз, одан бөлек мектепалды даярлық класстарын да жауып тастаған. Біздің мақсат – барлық проблемаларды тікелей естіп, олардың шешу жолдарын ойластыру. Әр сұрақ бойынша жеке-жеке жұмыс жасайтын боламыз. Кездесу аясында айтылған және олардың шешу жолдары бақылауға алынатын болады», – деді.
Тұрғындар депутаттарға аудандағы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің саны мектеп пен балабақшаларға сай болуы керек деген пікірін айтты.