Атырауда көлік қағып кеткен жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Атырауда көлік қағып кеткен жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Түрлі жарақатпен Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген науқастың жағдайы тұрақты. Қазір қыз бала жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, іштің жарақаты диагноздарымен ауруханада ем алып жатыр. 2005 жылғы жасөспірім ауруханаға жатқызылмаған. Еске сала кетелік, Атырауда 17 тамыз күні түнгі сағат 22.40 шамасында көлік жүргізушісі ​реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 2004, 2005 жылы туған жасөспірімдерді қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған болатын. Атап өтерлігі, көлік жүргізушісі автокөлігін оқиға орнында қалдырып кеткен.

«Жол апаты Сәтпаев көшесі бойындағы «Атырау» ойын-сауық орталығы тұсында болды. Қазір  «Ваз 2114» маркалы автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші іздестірілуде», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің өкілі.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА