Атырауда Динара Сәдуақасованың халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр
Атырауда Динара Сәдуақасованың халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр
Атырау қаласында Қазақстан, АҚШ, Нидерланды, Литва, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей елдерінен келген 300-ге жуық спортшы қатысатын бірінші халықаралық шахмат фестивалінің салтанатты ресми ашылуы өтті. Фестивальді белгілі шахматшы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы ұйымдастырып отыр. Ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Александр Данилов, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысты. Сондай-ақ, фестивальдің ашылу салтанатына келген қонақтардың бірі атақты қазақ боксшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болды.    width=   Ашылу салтанатына қатысушылардың барлығы спортшыларды ауқымды шараның басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі, сондай-ақ ұйымдастырушыларға бастама үшін алғысын білдірді. «Атырауда халықаралық шахмат бәсекесі алғаш рет өткізіліп отыр, бұл біз үшін үлкен мәртебе. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оларды отансүйгіштікке және салауатты өмір салты құндылықтарына тәрбиелеу үдерісіне оң әсерін тигізеді», – деді Атырау облысының әкімі құттықтау сөзінде. Жиналғандарға Динара Сәдуақасованың өзі құттықтау сөз сөйледі. Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, ол келесіні атап өтті:
«Бүгін біз, ең алдымен, шахматтың спорт түрі ретіндегі құндылығын, шахматтағы мүмкіндіктерді, күш пен шабытты атап өту үшін жиналдық. Әрқайсыңызға біздің турнирде жеңіске жетуге шын жүректен тілектеспін. Өздеріңізге сеніп,  мақсаттарыңызға ұмтылыңыздар, спорттық энергияңыз шынымен сарқылмас болсын. Сондай-ақ фестивальдің барлық серіктестеріне іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін ерекше алғыс айтқым келеді».
Белгілі болғандай, фестивальге кәсіби спортшылар мен халықаралық гроссмейстерлерден бөлек, өз жұмысы барысында 5000 адамды дайындаған Шахмат академиясының 58 тәрбиеленушісі қатысуда. Фестивальдің қатысушылары арасында өте жас шахматшылар да бар. Осылайша, 6 жасқа дейінгі категорияда облыс чемпионы Әли Сапаров екі жылдан астам уақыт академияда білім алып, өзі үшін алғашқы ауқымды жарысқа қатыспақ. Турнирдің тағы бір қатысушысы Нұрпейіс Үмбетқали қазір 13 жаста. Нұрпейіс Шахмат академиясына бірнеше жыл бойы қатысып, тәжірибелі жаттықтырушылардан дәріс алған. Республикалық деңгейде жеңіске жеткенімен, бұл оның халықаралық шахмат жарысына қатысудағы алғашқы қадамы. Еске сала кетейік, фестиваль бағдарламасына үш негізгі турнир кіреді, олардың әрқайсысының нәтижелері швейцариялық жүйе бойынша бағаланады. Сондай-ақ шеберлік сыныптары мен бір мезгілде өтетін ойын сеанстары күтілуде. Сонымен қатар, фестиваль аясында халықаралық арбитрлердің бірінші семинары өтеді, онда төрешілер емтиханнан сәтті өткен соң FIDE төрешісі атағын ала алады.
«Фестивальдің басты мақсаты – Қазақстанда шахматты спорт түрі ретінде танымал ету және дамыту, жас таланттарды іздеу және қолдау», – дейді ұйымдастырушылар.
Жүлде қоры 13 миллион теңгеден артық болғанын айта кеткен жөн. Қазақстан-Британ техникалық университеті өз кезегінде бакалавриат пен магистратурада оқуға гранттар бөледі, бақыттылардың есімі турнирдің жабылуында жарияланады. Мемлекет басшысы Атыраудағы шахмат фестивалін ұйымдастырушы Динара Сәдуақасоваға құттықтау хатын жолдады. Атырауда тұңғыш халықаралық шахмат фестивалін ұйымдастырушы Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты келді.  Бұл туралы еліміздегі белгілі шахматшылардың бірі, халықаралық гроссмейстер, 2019 жылы әйелдер арасындағы классикалық шахматтан Азия чемпионатында жеңімпаз атанған Қазақстан Республикасының тұңғыш өкілі Динара Сәдуақасованың өзі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады. «Достар, күні кеше біздің команда Атырауда 16-24 тамыз аралығында өтіп жатқан «Аtyrau Chess Festival 2022» ұйымдастыруына байланысты Мемлекет басшысының құттықтау хатын алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатында турнир ұйымдастырушылары мен қатысушыларын құттықтады. Бұл мен үшін шынымен үлкен мәртебе!    width= Біздің шара – Қазақстанның осы өңірінде өткізіліп жатқан бірінші халықаралық шахмат турнирі. Фестиваль ұйымдастырушысы ретінде еліміздің Президентіне сенім білдіргені үшін ерекше алғыс білдіремін», – деп жазды шахматтан бірнеше дүркін чемпион. Фестивальдің ресми ашылуы 16 тамызда өткенін атап кеткен жөн. Жарысқа 300-ге жуық шахмат әуесқойлары қатысады, оның ішінде Қазақстанмен қоса, АҚШ, Нидерланды, Литва, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің ойыншылары бар. Бағдарламада әрқайсысының нәтижелері әйгілі швейцариялық жүйе бойынша бағаланатын үш негізгі турнир жарияланған. Оқиғаның ресми сайтында тіркелу арқылы ойынды онлайн режимде көру мүмкіндігі бар.    width=   Турнирлермен қоса, қатысқысы келетіндердің барлығына мүмкіндік беретін шеберлік сабақтары мен бір мезгілде өтетін ойын сеанстарын өткізу жоспарлануда.  Фестиваль аясында төрешілер емтиханды сәтті тапсырып, FIDE төрешісі атағын ала алатын халықаралық арбитрлердің алғашқы семинары болады. Фестиваль Қазақстанда шахматты спорт түрі ретінде танымал ету және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттыру мен жас таланттарды іздеу мақсатымен өткізілуде. Айта кетсек, фестивальдің жүлде қоры 13 миллион теңгеден асады.  Сонымен қатар, Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) бакалавриат пен магистратурада оқуға грант бөледі.  Грант иегерлерінің есімдері турнирдің жабылуында жарияланады. Жалпы, іс-шара 24 тамызға дейін жалғасады. Фестивальдің көрермені болғысы келетіндердің барлығы Атырау шахмат фестивалі аясындағы шеберлік сабақтары мен бір мезгілде өтетін ойын сеанстарына тегін қатыса алады. Оларға тіркелу www.atyrauchessfestival.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Турнирлердің барысын Атыраудағы Абай орталығындағы мониторлардан тікелей, сондай-ақ www.chess.com және www.chess24.com сайттарында онлайн форматта бақылауға болады.