Степногор қаласында пәтерінде қарасора өсірген 60 жастағы зейнеткер әйел ұсталды. Ас бөлмесінде «фитозертхана» ұйымдастырған әйел екі жылға дейін қамауға алынуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Зейнеткер әйел қарасора есірткі шөбін асүй гарнитурасының астыңғы шкафында өсіргені анықталған. Ол кәріз құбырының қабырғасына екі желдеткіш қойып, сондай-ақ жарықтың автоматты қосып, өшу жүйесін де орнатып алған.
«Рұқсат етілмеген пәтерді тінту барысында сырт бейнесі қарасораға ұқсас өсімдік пен оны тыңайтып суаруға арналған құралдар табылды. Қазір сараптама тағайындалған», – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Әйелдің айтуынша, ол өсімдік тұқымын көшеден жинап алып, өзі қолдану үшін пәтерінде отырғызып тастаған. Алайда полицейлер әйелдің есірткі қолданғаны ешқашан байқалмағанын айтады. Дегенмен оның осыған дейін бірнеше рет қылмыстық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған ұлы да бар болып шықты.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әйелге қатысты міндетті түрде келу шарасы қабылданды.