«Әрбір жоба халықтың игілігіне арнап жасалады. Оның шарапатын сол ауылдың тұрғындары сезініп, әрбір іс сапалы әрі уақытылы аяқталуы керек. Туған жерді бірге көркейтуге тиіспіз. Ең бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешсек, ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартамыз», – деді облыс әкімі.Келесі кезекте Жалағаш ауданына қарасты «Таң» ауылындағы «ТАҢ ЛТД» серіктестігінің егіс алқабына барып, ауыл шаруашылығы саласындағы әртараптандыру бағытының мамандарымен пікір алмасты. Жалпы ауылда мемлекеттік бағдарламалар арқылы 569,2 млн теңгеге 14 көше орташа жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар 333,2 млн теңгеге мектепке күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, 140 млн теңгеге дәрігерлік амбулатория салынған. Мұнымен қоса «Таң ЛТД» ЖШС жеке қаражаты есебінен «Таң» елді мекенін абаттандыру және тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру бағыттарына 701 млн теңге бөліпті. Нәтижесінде ауылда мешіт ғимараты жөңделіп, бөбекжай қайта жаңғыртылып, спорт кешені ғимаратының құрылысы жүрген. Сонымен бірге 150 млн теңгеге ет өңдеу цехының құрылысы бастау алған. Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев өнім өндіру мәселесіне де ерекше тоқталды. Негізінен импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауылдардың ауылшаруашылық әлеуеті жоғары болуы керек. Бұл ретте, шаруалар орақ түсу маусымына толықтай дайын.
«Өнімнің мол болғаны халықтың еңбегінің өтеуі. Президенттің, Үкімет басшысының қолдауы негізінде биыл су көлемі былтырғы жылғыдан жоғары болды. Бірлескен келіссөздердің арқасында аймақта айтарлықтай қиыншылық туындамады. Келесі жылы да мол өнім алу үшін жерді алдын ала дайындап, егіс алқаптарына қажетті жұмысты осы кезден бастап анықтау қажет. Астықтың көлемі мол болып, қажеттілікті толық өтей алсақ, азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты түрде ұстап тұра аламыз. Егін егуге икемі бар отбасыларға бос жерлерді табыстап, егін егу мәселесін де тапсырдым. Бақша дақылдарын өзіміз өндірсек, өзге өңірдің өнімдеріне деген сұранысты болдырмаймыз», – деп нақтылады Н.Мәшбекұлы.Биыл аталмыш серіктестікте 25 мың тонна күріш өндіріледі деп жоспарланған. Тамыз айының үшінші онкүндігінде күрішке орақ түспек. Ауылда атқарылған жұмыстар мұнымен шектелген емес. Аталмыш елді мекенде биыл спорт кешенін ұлғайту мақсатында 150 спортшыға арналған кешеннің іргетасы да қаланып жатыр. Бұл нысан 2023 жылы ел игілігіне беріледі.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы