15 ақпанға арналған ауа райы болжамы
15 ақпанға арналған ауа райы болжамы
© Сурет ғаламтордан
310
оқылды
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: солтүстік жартысында қар, оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ,  бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде  тұман, түнде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Ақмола облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Ақтөбе, Павлодар, түнде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысында түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі.