Сарбаз өліміне қатысты іс қозғалды
Сарбаз өліміне қатысты іс қозғалды
407
оқылды
Атырау облысында әскери қызметші қайтыс болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл деректі растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, Шекара қызметінің әскери қызметшісі Нұрбек Ерғалиев 17 тамызда қайтыс болған. Әскери қызметші Атырау облысындағы мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін атқарып жүрген.
«Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды. Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдайды», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.
Марқұм Маңғыстау облысынан әскерге шақырылып, Атырау облысының Исатай ауданындағы шекара заставасында қызмет атқарған. Әскери міндетін атқару мерзімі алдағы күзде аяқталуы тиіс болған.

Асыл ТҰМАР