Кірпіш зауыттарының өндірістік қуаты артты
Кірпіш зауыттарының өндірістік қуаты артты
710
оқылды
Ақмола өңірінде жыл сайын құрылыс материалдарын өндіру ісі қарқын алып келеді. Елімізді әр өңіріне және шетелдерге шығарылып жатқан өнімдерді сапасы артып, көлемі де айтарлықтай ұлғайған. Бүгінде облыс кәсіпорындарында құрылысқа қажетті кірпіш, цемент, темірбетон бұйымдары, минералды тақталар, бетон және пластик құбырлар, қиыршық тастар мен құм сияқты көптеген өнім түрі шығарылуда. Ақмола облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, кірпіш шығарудың жалпы жылдық көлемі елімізде шығатын барлық кірпіштің 24 пайызынан, яғни 328 мың текшеден асып жығылған. Мұнымен қоса, өңірде 648 мың тоннадан астам цемент, 25,7 мың тонна темірбетон бұйымдары, 26 мың тоннадан астам минералды тақта және 6,3 миллион тонна құм мен қиыршық тас және 1,4 мың тонна пластик құбырлар өндірілді.
«Өткен жылдың соңынан осы жылғы шілдеге дейін ғана облыс аумағында екі бірдей ENKI және SGBrick ЖШС-нің кірпіш зауыты іске қосылды. Мұнда жылына жалпы көлемі 150 миллион дана кірпіш шығарылады. Бұл аталған құрылыс материалдарын жақын арада 1,5-2 есеге дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар аталған салада басқа да болашағы зор басқа да жобалар жүзеге асырылуда», – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин.
Бүгінде облыс жыл сайын 2 миллион 846 мың АҚШ долларына тең 40,2 мың тонна кірпішті Ресей мен Өзбекстанға, 48 мың АҚШ долларына бағаланған 520 мың тоннадан астам цементті, 8,1 мың тонна темірбетон өнімдері мен минералды тақталар, сонымен қатар 10,9 мың тонна қиыршық тас Ресейге импортталған. Мұнымен қоса, Ресей мен Қытайға 353 мың тоннадан астам пластмасса құбыры экспортталғанын атап өткен жөн.

Ақмола облысы