Жаңалықтар Әлеумет Сарбаздардың Ауғанстаннан шыққанына 31 жыл болды Сарбаздардың Ауғанстаннан шыққанына 31 жыл болды © Сурет ғаламтордан Эльмира Жақсыбай 15/02/2020 04:46 505 оқылды Елордалық Полиция департаментінде әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуына 31 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға елордалық полиция басшылығы, ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Нұр-Сұлтан қ. Ауғанстан соғысының Мүгедектері мен ардагерлер одағы» Қоғамдық бірлестігінің өкілдері және жеке құрам қатысты. Әскерлердің Ауғанстаннан шығарылған күнінде дәстүр бойынша елордалық полиция қызметкерлері «Алматы» ауданы полиция басқармасы ғимаратының алдында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткіш тақтасына гүл шоғын қоя отырып, қаза тапқан әскери-интернационалистерді құрметпен еске алды. [caption id="attachment_21401" align="alignnone" width="1280"] © Сурет ғаламтордан[/caption] Нұ-Сұлтан қаласы ПД Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаевтың сөзінше, бүгінгі күні департаменттің ардагерлер ұйымының зейнеткерлік есебінде 23 әскери-интернационалист бар. Олардың барлығы сол қатыгез соғыста болып, аман-есен оралып, өз қызметтерін ішкі істер органдарында жалғастырды. [caption id="attachment_21400" align="alignnone" width="1280"] © Сурет ғаламтордан[/caption] Ауған соғысына қатысқан осындай полицейлердің бірі -Жанайдар Жирентаев болатын. Әскери-интернационалист соғыстан оралғаннан соң құқық қорғау саласына қызметке келіп, полиция қатарында жұмыс атқарған. Жанайдар Жирентаев 1994 жылы ақпан айының 4-інен 5-іне қараған түні қызметтік міндетін атқару барысында қылмыскерлер қолынан қаза тапқан. Азаматтарды қорғауда батылдық танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жанайдар Жирентаев «Ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін наградталды. [caption id="attachment_21398" align="alignnone" width="1280"] © Сурет ғаламтордан[/caption] Марқұмның әкесі - Жирентаев Асқарбек Жанұзақұлы жиналғандар алдында сөз сөйледі.