Оқушыларға сый жасады
Оқушыларға сый жасады
334
оқылды
«AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлайық!» ак­ция­сына партия белсенділері де үлес қосуда. Солардың бірі – Таңат Бай­кенжеев. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен әлеу­меттік жағдайы төмен, көпбалалы от­басылардан шыққан 20 балаға мек­теп­ке қажетті оқу құралдары толтырыл­ған сөмкелерді сыйға тартты.
«Бір отбасындағы бірнеше баланы мек­тепке дайындау ата-анаға салмақ тү­сіретіні анық. Әлбетте, мұндай жағ­дайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай-сай етіп даяр­лай алмайды. Сондай-ақ әлеу­мет­тік көмекті қажет ететін аз қамтылған от­басы мен жетім, жартылай жетім жет­­­кіншектер де бар. Оларға көп болып кө­мек көрсету игі іс», – дейді партия бел­сендісі Таңат Байкенжеев.
Қамқорлыққа ие болған бүлдір­шін­дер мен олардың ата-аналары да зор қуа­­­нышқа бөленді.
«Менің үш балам бар. Олардың екеуі мүмкіндігі шектеулі балалар сана­тын­да. Жаңа оқу жылында балаларға қуа­ныш сыйлағаны үшін партия бас­шы­лығына және қамқор жандарға ана­лық ризашылығымды білдіремін», – деп Жанат Аязбай алғаусыз алғысын жет­кізді.
Кәсіп иесі бұған дейін де партия бас­­тамасына үнемі қолдау білдіріп келеді. Атап өтейік, «AMANAT» партиясы­ның дәстүрлі «Баланы мектепке даяр­лайық!» акциясы «Бақытты от­ба­сы» партиялық жоба аясында биыл 15 тамыз бен 25 тамыз аралығында рес­пуб­лика бойынша жүргізілуде. Пар­тия­ның облыстық филиалы акция аясында 1 000-ға жуық оқушыны кеңсе заттары салынған сөмкелермен қамтамасыз ету­ді жоспарлап отыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы