LRT дауы бітер емес
LRT дауы бітер емес
421
оқылды
«Астана LRT» ісі бойынша бір­неше тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Атап айтқанда, Р.Аманжолов және басқа да тұл­ғаларға қатысты қылмыстық іс сот­та қаралады. Қылмыстық іске қатысты алдын ала тыңдау 2022 жылы 24 тамызға белгіленген. Елордадағы LRT-ның құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді. 2020 жылдың қаңтарында құрылысқа қатысты істі тергеу шаралары аяқталды. Сол жылы қазанда «Астана LRT» компаниясы бо­йынша іс сот қарауына жолданды. Биыл 13 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі сотқа жолданғаны туралы хабарлаған болатын.