Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды
Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды
© Сурет ғаламторан
280
оқылды
Қазақстан құрамасы алғашқы күні-ақ алтын медалға қол жеткізді. Бұл туралы Prosports.kz сайтында хабарланды. Жарыста мәреге бірінші жеткен Анастасия Городко алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшы Еуропа кубогы кезеңінде өз мықтылығын тағы бір рет дәлелдеді. Екінші орында - неміс Ханна Вессе. Үшінші орынд ресейлік Светлана Иванова қанағат тұтты. Айта кетейік, тағы бір қазақстандық фристайлшы Олеся Граур 5-орынға тұрақтады.