Жол жөндеуде жүйесіздік көп
Жол жөндеуде жүйесіздік көп
393
оқылды
«ҚазАвтоЖол» Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстары неге ұзаққа созылатынының себебін зерттеген. Өнімділік әлеуеті жоғары болғаны­мен, компаниялар кестеден кешіге беріпті.
«Біріншісі – битум тапшылығы. Ішкі нарықты битуммен қамтамасыз ету бойынша бірнеше рет құзыретті бейінді мем­лекеттік органдармен кеңестер өткі­зілді, онда республикалық желі арқылы жол жобаларының қажеттіліктеріне битумды іріктеуге көмек көрсетуге басымдық бе­рілді, алайда бүгінде жол компания­лары өтінімдерін растауда қиындықтар бар. Мәселен, осы нысандар бойынша биыл би­ту­мға деген қажеттілік 59 мың тонна бол­са, іс жүзінде құрылыс маусымының ая­ғына дейін 13 мың тонна ғана берілген», – деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол» мамандары.
Компанияның мәліметінше, тағы бір себеп – қиыршық тасты тасымалдайтын вагондардың жоқтығы екен. Батыс Қазақстан облысында тас карьерлері жоқ, сондықтан қиыршық тасты көршілес өңірлерден тасымалдау қажет. «Қазақстан темір жолы» мен «Қаз Темір Транс» АҚ өкілдерімен бірлескен талқылау және кездесу барысында теміржол арқылы жол-құрылыс материалдарын тасымалдауға арналған вагондар санын көбейту мәселелері талқыланған. Бірақ нәтиже болмапты. Қосымша себеп ретінде дизель отынының тапшылығы мен қымбаттау мә­селесі де айтылды. Ірі жол-құрылыс тех­ни­калары күніне шамамен 100-130 тонна дизель отынын қажет етеді.
«Жоғарыда айтылғандарға байла­ныс­ты Мемлекет басшысының тапсыр­масын орындау аясында «ҚазАвтоЖол» АҚ осы жобаларды табысты іске асыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап жатыр, алайда осы себептерге байланысты тапсырмаларды орындай алмай қалу қаупі бар», – деп мәлімдеген компания.