Полицейлер Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен 2 жасар баланы құтқарған 15 жастағы Арман Аманжоловты марапаттады. Қызылорда қалалық ІІД-нің мәліметінше, Арман Аманжоловқа қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, құрмет грамотасы мен қолсағатты салтанатты түрде табыс етті.
«Біз көрсеткен батылдығың үшін алғыс айтамыз. Сен нағыз батырсың!» – деді Әбдібек Жаназаров.