Сенімді стратегиялық қатынас нығая береді
Сенімді стратегиялық қатынас нығая береді
317
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Рес­­публика­сы­ның Президенті Ильхам Әлиев­­тің шақыруымен ресми іс­сапарда болды. Әзербайжан Президентінің «За­­гульба» резиденциясында Мем­ле­кет басшысын ресми қарсы алу ша­­расы өтті. Салтанатты рәсімнен соң екі ел президенттері келіссөз жүр­­­гізді. Қазақстан Президенті Әзербай­жан Республикасына ресми сапар­мен келуге шақырғаны үшін Иль­хам Әлиевке алғыс айтты. Ильхам Әлиев өзінің шақыруын қа­­был алып, Әзербайжанға рес­ми са­­пармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашы­лы­­ғын білдіріп, Қазақстан Пре­зи­ден­тінің Бакуға келуі екі ел ара­сын­дағы ын­ты­мақтастыққа тың сер­пін бере­ті­нін атап өтті. Жеке келіссөзден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарына қосқан зор үлесі үшін Ильхам Әлиевті Қа­зақ­стан Республикасының жоғары мем­лекеттік наградасы «Алтын Қы­ран» орденімен марапаттады. Бұл марапат Ильхам Әлиевке екі ел арасындағы достық пен ын­ты­мақ­­­тастықты нығайтуға зор үлес қос­қаны үшін табыс етілді. Сапар кезінде Әзербайжанның Фи­зули қаласында Құрманғазы атын­дағы шығармашылық орта­лы­ғы салынатыны айтылды. Мем­ле­кет басшысы қазақ халқының аты­­нан жасалған бұл сыйлық ел­де­рі­міздің достығының, бауыр­лас­ты­ғының және өзара қолдаудың тағы бір нышаны болатынын атап өтті. Өз­ кезегінде Ильхам Әлиев Қасым-Жо­март Тоқаевқа шексіз алғысын ай­тып, Физули қаласының бала­лары үшін әлемдік деңгейдегі шы­ғар­ма­шылық орталық болады деп се­не­ті­нін жеткізді. Қазақстан Президентінің Әзербайжанға ресми сапарының бағ­дар­ламасы мемлекеттер басшыларының кеңейтілген құраммен өткен келіссөзімен жалғасты. стратегия Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігінің негізгі мәселелерін талқылап, саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға екіжақты ынтымақтас­тықты жаңа деңгейге шығару үшін арнайы миссиямен келгенін айтты. Қазақстан Президенті екіжақты сауда-экономикалық байланыс­тарды дамыту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
– Кейінгі жылдары тауар айналымының айтарлықтай, үш есеге жуық өскеніне қуаныштымын. Бірақ бұл, әрине, жайбарақат жүруге негіз емес екенін атап өткім келеді. Сауданы арттыруға мүмкіндіктер бар деп есептеймін. Біздің Үкіметтеріміз жақын арада елде­ріміз арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту үшін жұмыс істеуі керек, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті гуманитарлық ынтымақтас­тықты дамытудың қолайлы перс­пективаларына назар аударды. Әзербайжан басшысы екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды күн тәртібі мен халықаралық мә­селелер бойынша жан-жақты әңгіме болғанын атап өтті.
– Әрине, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөнінде үлкен жоспарымыз бар. Қазақстанда да, Әзербайжанда да осы инфрақұрылымды құру бойынша уақытылы шаралар қабылданды. Қазір елдеріміз арасындағы жүк тасымалының көлемін және көлік транзитін арттыру жөнінде бастама көтеріліп жатыр. Тиісті органдар бұл бағытта өзара белсенді жұмыс атқарып отыр. Сауда-экономикалық қатынасты дамытуға да тың серпін беретінімізге сенімдімін. Тауар айналымын арттырудағы ре­зервіміз айтарлықтай көп. Бүгін біз келешектегі сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың бір­қатар бағыты бойынша пікір ал­мас­тық. Өзара тауар жеткізу көле­мін арттыру жоспарын нақтылай аламыз. Сондай-ақ инвестиция саласында зор мүмкіндігіміз бар. Қазақстанда да, Әзербайжанда да қо­лайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Шетелдік инвестицияның көлемі үлкен. Осы бағыттағы күш-жігерімізді біріктіріп, Қазақстан мен Әзербайжандағы, сонымен қатар өзге де елдердегі бірлескен инвестициялық жобаларға қатысатын уақыт келді деп ойлаймын, – деді Ильхам Әлиев.
Сонымен қатар Әзербайжан Президенті жақында Сумгаит қаласының орталық көшелерінің біріне қазақ халқының көрнекті азаматы, ағартушы, түркітанушы Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілгенін еске салды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Қазақстан Республикасы және Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық қатынас­тарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларация және Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы 2022-2026 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаға қол қойды. Сондай-ақ Мемлекеттер басшылары БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапары кезінде осы елдің жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Қазақстан Президенті бұдан кейін Әзербайжанның азаттығы мен территория тұтастығы үшін қаза тапқан жауынгерлер жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға да гүл шоғын қойды.