Өрт қауіпсіздігі – басты назарда
Өрт қауіпсіздігі – басты назарда
1,222
оқылды
Қызылордада «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Қараөзек» ком­прессорлық стансасының ба­засында төтенше жағдай ке­зінде шұғыл медициналық көмек көрсету, зардап шек­кендерді дер кезінде эва­куациялауды жүзеге асыру мақсатында арнайы оқу-жат­тығу өткізілді. Оқу-жаттығу «Қауіпсіз еңбек – 2022» қа­уіп­сіздік жылының шең­бе­рінде ұйымдастырылды. Жалпы «Интергаз Орталық Азия» АҚ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның құрамына кіреді. Еншілес компа­ния еліміздің аумағында газ та­сы­малдау жүйесін пайдалануды жүзеге асырып келеді. Әрдайым компания тарапы­нан өндірістік қауіпсіздікті сақтау, еңбек және денсаулықты сақтан­дыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелері назардан тыс қалған емес. Биыл «Қауіпсіз еңбек – 2022» жылы болып жариялануы талапты тіпті күшейтті. Бұл тұрғыда қауіп­сіз­дік шараларын қатаң сақтай отырып, мамандардың төтенше жағдайдың алдын алуға дайын­дығын ширата түсуіне ерекше мән беріліп отыр. Осы мақсатта жыл бо­йына дайындық шараларын өт­кізу жоспарланған. Негізінен «Қауіпсіз еңбек – 2022» сынды жоба компанияға ең­бек қауіпсіздігін күшейту бағы­тында оң серпін беріп отыр. Оның ішінде өндірістік жарақаттану және қауіпсіздікті сақтау шара­ларын бекітуге жол ашады деп кү­тілуде. Сонымен қатар компа­ния­ның бас­қарушы персона­лы­ның саламатты және қауіпсіз ең­бек жағдайларын жасауға, қыз­меткерлердің өмірі мен денсау­лығын сақтауға арттырады. Компанияның бұл жолғы оқу-жаттығуы «Қараөзек» компрес­сор­лық стансасының базасында ұйым­дастырылды. Оған «Интер­газ Ор­талық Азия» АҚ-ның ны­санды өрттен қорғау және апаттық-құт­қару жұмыстары, сондай-ақ объек­тіде күзет қызметін көрсету бо­йынша функцияларды жүзеге асы­ратын мердігерлік ұйымдар мен шұғыл ден қою қызметтері қатысты. Оқу-жаттығу барысында жос­парға сәйкес компрессорлық стан­сада от тұтанып, шлейфі жа­рылды. Жедел іске кіріскен ма­ман­дар ми­нут сайын хабарлау схемасын, кран­дарды ауыстыра отырып, жұмыс істеп тұрған газ айдау агрегаттарын автоматты түрде тоқтату алгоритмін жүргізді. Сондай-ақ компрессорлық станса персоналын эвакуациялауды, өртті оқшаулау және сөндіру, апат­тың салдарын жою жөніндегі жұ­мыстарды пысықтады. Апат орын алған орыннан құт­қарушылар тобы екі зардап ше­гу­шіні анықтады. Оның бірі­нен жі­ліншіктің ашық сынуы және арте­риялық қан кетуі сал­дарынан бі­лектің жабық сынуы түріндегі бол­жамды зақымданулар нақтыланды. Ал екінші зардап шек­кен адамның жүрек соғысы тоқ­тап қалған. Құт­қарушылар зар­дап шегушілерді ашық алаң­қайға шығарып, алғашқы меди­ци­налық көмек көрсетті. Өз кезегінде медициналық қыз­меткерлер бригадасы минут сайын барлық қажетті реанима­циялық іс-шараларды жүргізді. Оның ішін­де ­қан кетуді тоқтату, иммо­би­ли­зациялау және зардап шеккендер­ді компрессорлық стан­са аума­ғы­нан жедел жәрдем машинасы­мен алып кету бо­йынша іс-шара­ларды орындады. Оқу-жаттығу сабағының қо­ры­тындылары «QazaqGaz» ҰК» АҚ және оның еншілес компа­ния­ла­ры басшылығының қаты­суымен жасалды.
«Оқу-жаттығу сабақтарының негізгі мақсаты – барлық жұмыл­дырылған топтардың дайынды­ғын, олардың апаттарды оқшаулау мен жоюдағы өзара іс-қимылын бағалау. Біз іс-шараның жоғары кәсіби дең­гейде өткенін көріп отырмыз. Барлық қатысушылар қойылған міндеттерді орындау кезінде, сон­дай-ақ тео­риялық бі­лімді практи­када қолда­нуда нақ­ты әрі үйлесімді іс-әре­кет­терді көр­сетті. Бұл бүгінгі оқу-жат­тығу­да көздеген мақсатқа қол жеткі­зілгенін білдіреді. Осын­дай са­бақ­тарды өткізу тұты­ну­шыларға табиғи газды үздік­сіз және қауіпсіз тасы­малдауды жү­­зе­ге асыруға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді бізге «Ин­тергаз Ор­­талық Азия» АҚ техника­лық ди­рек­торы Әуезхан Уромбаев.
Оқу-жаттығуға өрт сөндіру және апаттан құтқару техни­ка­лары шо­ғы­рланып, оқиғаға қа­жет­тігі бар өзге де құрал-жаб­дық­тармен қам­тылды. Осы арқылы оқыс оқиға кезінде қауіптің алдын алу және құтқару қызметінің тө­тенше жағ­дайларға даярлығын, қолдағы тех­никаның нақты жағ­дайы мен өрт қауіпсіздігін қам­тамасыз етуші жү­йенің әзірлігін тексеру, біліктілігін арттыруға не­гіз қаланбақ.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да шұғыл медициналық көмектің жұмысын жетілдіру бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл компанияның көптеген нысандары еліміздің шал­ғай және халық аз қоныс­танған аудандарында орналас­қанын ескер­сек, мұндай шара өт­кізу аса маңыз­ды болып табы­лады. Шын мәнінде бұл – зардап ше­гушіге дәрігерге де­йінгі меди­циналық көмек көрсету бойынша іс-қимылдардың нақты алгоритмі. Бағдарламада бірінші кезекте кімге қоңырау шалу қажет, кімге алғашқы көмек көрсету ба­рысы нақтылана түсті. Сонымен қа­тар жәбірленушіні қайда тасы­малдау және не істеу қажеттігі бо­йынша әрбір іс-қимыл сараланды. Жұ­мыс барысында әрбір қатысушы­ның жауапкершілігі көрсетілді. Бұл оқу-жаттығулардың басты міндеті – жазатайым оқиға сал­дарының ауыртпалығын төмен­детуге және кісі өліміне жол бер­меуге мүмкіндік бе­ретін осы бағ­дарламаны іс-әре­кет­пен көрсе­ту», – деп түсіндірді «Қа­раөзек» компессорлық стан­ция­сы­ның бас­шысы Кеңес Ембергенов.
Оқу-жаттығу жоғары деңгейде өткізілді деп айтуға толық негіз бар. Шара барысында төтенше жағдай­дың алдын алу, одан қор­ғану жол­дары мен мамандардың біліктілігін арттыруға негіз қа­ланды. Осылайша табиғаттың то­сын апатынан сақ­тану, қауіптің бетін қайтару жолдары пысық­талды.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы