Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады
Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады
© Сурет ғаламтордан
341
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады. "Симптомдар пайда болғанда: дене қызуы, жөтел және тыныс алу қиын болса, Сізден тұрғылықты мекен-жайыңыздағы дәрігерге қоңырау шалып, 103 нөміріне жедел жәрдем шақыруыңызды сұраймыз. Осы симптомдарда дәрігерге қаралу үшін тартпаңыз!"- деп жазды Денсаулық сақтау министрі Facebook-те. Ол бүкіл елдің эпидемиологтары мен инфекционистері тәулік бойы қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істеп, қажетті көмекті уақытында көрсету үшін барлығын жасауға дайын екенін мәлімдеді. Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде жекелеген бокстарда ЖРВИ белгілері мен температурасы бар 78 адам ауруханаға жатқызылып, оқшауланды, олардың 32-і жазылып шықты, стационарларда медициналық бақылауда 46 адам қалып отыр. "Қазіргі уақытта жағдайдың 99% – ы – ЖРВИ, талдау нәтижесіосыны көрсетті", - деп жазды Елжан Біртанов. Денсаулық сақтау министрі сондай-ақ еліміздің әуежайларында неге экспресс-тест жүргізілмейтінін түсіндірді. "2019-nCov коронавирусқа тиімді экспресс-тест әлі әлемде еш жерде жоқ. ПЦР-диагностика бар, оны ДДҰ нұсқауы негізінде бір апта ішінде әр түрлі елдер әзірлеген. Вирус жаңа, оны анықтайтын тест өнеркәсіптік өндіріске енген жоқ. Бірақ, ең бастысы, бізде қазір тест бар. Оны тек коронавирус ауруы мен күдігі кезінде ғана қолданады. Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, дәрігерге хабарласыңыз. Егер тұмауға немесе коронавирус инфекциясынға күдік болса, онда коронавирусты қоса алғанда, вирустардың 10 түрлі штаммына диагностикалық тест аласыз", – деп жазды Елжан Біртанов Facebook-те. Коронавирус бойынша ақпарат алу үшін қазақстандықтар тәулік бойы 1406 нөмірі бойынша шұғыл желіге қоңырау шала алады. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды Қытайға және коронавирус анықталған 20-дан астам елге бармауға шақырды.