Қазақстанда 92 миллиард теңгеге зауыт ашпақ
Қазақстанда 92 миллиард теңгеге зауыт ашпақ
747
оқылды
Кәсіпорын Екібастұзда  слынады. Онда жоғары сапалы ферросилиций өндіріледі. Оны АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияға экспорттамақ. Бас директор Мадияр Данияровтың айтуынша, инвестициялық жоба - экологиялық таза. Орнатылған жүйе іс жүзінде әлемде теңдесі жоқ, ауаны 99,8%-ға дейін тазартудың ең жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Шаңды ұстап, оны қосымша өнімге - микрокремнийге айналдырып, одан әрі құрылыста пайдалануға болады. – Зауыттың іргетасы қаланып, жұмыстың 90 пайызға орындалды. Енді металл конструкциясы салынуда. Аз уақыттың ішінде мұндай заманауи инвестициялық жобаны салу - үлкен жетістік. Кәсіпорынның ерекшеліктерін ескере отырып, жеті айдың ішінде  біраз жұмысты бітірдік, – деді Мадияр Данияров. Кәсіпорынның іске қосылуы 2023 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Өндірістік қуаттылығы жылына 240 мың тонна ферросилиций өндірілмек. Әзірге инвестиция көлемі 92 млрд теңгені құрайды.