Ресейде қазақстандық екі азамат военкоматты өртеп жіберген
Ресейде қазақстандық екі азамат военкоматты өртеп жіберген
Фото: kaztag.kz
1,323
оқылды
Ресейдегі екі қазақстандық азаматқа Омбыдағы военкоматты өртеу және лаңкестік әрекет жасау туралы айып тағылып отыр. Егер кінәлары дәлелденсе, олар 12 жылдан 20 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл жөнінде Stan.kz хабарлады.  "Тергеу мәліметтері бойынша, оларға Омбыдағы военкоматты өртегені үшін 800 мың рубль төлеуге уәде еткен. Тергеу мәліметінше, Пушкин көшесіндегі военкоматты Қазақстанның екі азаматы Аңсаған Молдахметов пен Сейіл Диас өртеп жіберген. Мамыр айының басында олар Telegram-да белгісіз бір “Добрынья Никитичпен” сөйлескен. Жаңа таныстары оларға Омбы әскери комиссариатын өртеп жібергендері үшін 800 мың рубль төлеуге уәде еткен”, – делінген ақпаратта. БАҚ мәліметінше, 12 мамырда Молдахметов пен Сейіл Омбыға көлікпен келген. “Олар бес бөтелке, машина майы, бензин, скотч сатып алып, барлығынан бес “Молотов коктейлін” жасаған. Келесі күні түнде Молдахметов пен Сейіл военкоматтың ғимаратына жақындап, ішіне бес “Молотов коктейлін” лақтырған. Ғимараттың өртке оранғанын көрген олар ол жерден қашып кетеді. Алайда өрт тез сөндіріліп, ғимарат аман қалған. Молдахметов 24 тамыз күні қолға түсті. Әуелі оның үстінен мүлікті қасақана жою бабы бойынша қылмыстық іс қозғалса, кейін тағылған айып өзгертілді. Енді оның үстінен террорлық акт, оның үстіне алдын ала келісім бойынша бір топ адам болып жасаған қылмыс айыбы тағылып отыр. Ер адам 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның сыбайласы әзірге бостандықта жүр”, – делінген мәлімдемеде.