Алматыда 1 қыркүйекте сегіз жаңа мектеп ашылды
Алматыда 1 қыркүйекте сегіз жаңа мектеп ашылды
484
оқылды
Білім күнінде бірден сегіз жаңа мектеп есігі ашылды. Оның төртеуі – мемлекеттік. Білім ошағы Мәдениет, Қалқаман, Саялы, Томирис шағынаудандарында орналасқан. Барлығы 6 600 орынға есептелген. Бұл туралы Алматы қаласының  Білім басқармасы хабарлады.  width= Қалған 4 мектеп (1 470 орын) жеке инвестиция есебінен салынды. Сондай-ақ бүгінде №191, 146, 125 мектептерге құрылыс жұмыстары аяқталып, 875 орынға ұлғайтылды. Биылдың өзінде 1-сыныпқа 32 мыңға жуық бала барды. 2022-2023 оқу жылында қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алатын болады. Ал бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Қалада барлығы 210 мемлекеттік және 91 жекеменшік мектеп жұмыс істейді.  width= Сондай-ақ  Мәдениет шағынауданында ашылған 1 500 орынды мектеп үш ауысымды болмақ. Және биыл аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындау аясында жергілікті бюджеттен 847 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде, Алматының 20 мыңға жуық оқушысы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуына «Жаппай оқыту» қорынан 43 мың теңгеден төленді. «Мектепке жол шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында мұқтаж отбасылардан шыққан 4 108 балаға жалпы сомасы 70,6 млн теңгеге демеушілерден көмек көрсетілді.  width=