Полицей-спортшылар марапатталды
Полицей-спортшылар марапатталды
436
оқылды
Дүниежүзілік ойында алтын медаль алған маңғыстаулық полицей-спортшылар марапатталды. Оларға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов марапат табыстады. Шілде айында Голландия мемлекетінің Роттердам қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында спорттан дүниежүзілік ойын өтті. Бүкіләлемдік бұл додаға әлемнің 97 елінен барлығы 13500 спортшы жиналған. Олардың қатарында қазақ елінің, Маңғыстау өлкесінің намысын қорғаған ішкі істер органдары қызметкерлері бар. Бүкіл әлемнің күштік құрылымдары арасындағы бұл додада бокстан 75 келі салмақ дәрежесінде полиция капитаны Жандос Сұлтанов, каратэ спортынан 70 келі салмақ дәрежесінде полиция лейтенанты Мұса Бексұлтан мен 75 келі салмақ дәрежесінде полиция капитаны Мерген Калимжанов бірінші орынды иеленіп, алтын медаль жүлдегерлері атанды. Сондай-ақ бокстан екі қызметкер күміс медаль иеленді. Олар – полиция капитаны Берік Абдрахманов және полиция лейтенанты Дидар Алғалиев. ІІМ-де өткен марапаттау салтанатты шарасында жүлдегер атанған барлық полицейді министр Марат Ахметжанов марапаттады.