Анар Қайырбекова жұмыстан шығарылғанына келіспейді
Анар Қайырбекова жұмыстан шығарылғанына келіспейді
© Кадр видеодан
530
оқылды
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экс-ректоры Анар Қайырбеков жұмыстан шығарылғандығы жайлы өз пікірімен бөлісті. Айтуынша, оның бұрынғы кабинетінен бағалы заттарды әлдекімдер ұрлап кетіпті, – деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы. Анар Қайырбекова өзімнің жұмыстан шығарылғаныма келіспеймін деп отыр. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметінде ол небәрі 4 ай ғана жұмыс істеген. Оның лауазымынан босатылғаны жайлы білім министрі Асхат Аймағамтовтың өзі мәлімдепті. "Онымен жұма күні кездескен едім. Сол кезде жұмыстан кетесің деп айтты. Алдын ала айтпады, ешқандай хабарлама жіберілмеді де. Мені университет ғимаратына кіргізбей қойды. Неткен масқара, университет басшысын өзінің оқу орнына кіргізбей қойды деген", - дейді экс-ректор. Анар Қайырбекова бірнеше рет мәлімдеме жасағаны үшін басы дауға қалған еді. Оның артына полицейлер түсіп, артынша министрліктегі жұмысынан да қуылыпты. Десек те университет заттарымды алу үшін келгенімде, мені кіргізбей қойғаны менің зығырданымды қайнатты дейді ол. "Министрілік тарапынан осындай бұйрық келіп түсті. Сеңбесеңіздер, өздеріңіз қоңырау соғып көріңіздер", - деді университет күзетшісі. Ең қызығы, үйтіп-бүйтіп өзінің бөлмесіне кірген кезінде экс-ректордың алтын сырғалары секілді бағалы заттары жоғалып кеткендігі анықталыпты. Ол өзінің жұмыстан босатылуын ол университет қызметкерлерінің білім министрлігіне айтқан шағымы деп түсіндірді. Сөзінше, оның әріптестері бұл шағымды әлеуметтік желілер арқылы таратып жіберіпті. Ректордың жұмыстан кетуін талап еткен арызға небәрі 10 адам қол қойған. Ал министрліктегілер арнайы комиссия құрып, істі тексермепті де. Министрліктегілер де, университеттің қазіргі басшылығы да аталған жайт бойынша пікір айтудан бас тартыпты.