«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы үш күнде батыс пен солтүстікте күн суытады. Синоптиктер 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Ал оңтүстікте циклон әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.
Ауа температурасы төмендейтін өңірлер:
батыста түнде +10+18-ден +8+16 градусқа дейін, күндіз +23+31-ден +17+25 градусқа дейін;
солтүстік-батыста түнде +15+23-10+18 градус, күндіз +27+35-тен +21+28 градус.
республиканың солтүстігінде +15+23-тен 8+16°С-қа дейін, күндіз +25+35-тен +17+25 градусқа дейін;
республиканың орталығында негізгі фон түнде +10+22 градус, күндіз +30+38 градус.
Температура жоғары болатын өңірлер:
шығыста түнде +4+15-тен +10+18 градусқа дейін, күндіз +22+27-ден +30+38 градусқа дейін;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізгі температуралық фон түнде +15+25 градус, күндіз +30+40 градус.