Алматылық кәсіпкер 200 баланы мектепке дайындады
Алматылық кәсіпкер 200 баланы мектепке дайындады
©А.Мұрзанов
2,316
оқылды
Оңтүстік астанада «AMANAT»  партиясының  «Балаларды мектепке дайындаймыз» акциясы аясында жеке кәсіпкер, меценат Сабыржан Зайнидинов өз қаражатына 200 балаға мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын алып берді.  Кәсіпкер онымен шектелмей,  бірнеше көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қаржылай да көмек қолын созды.
«Бүгінгі балалар үшін істеп жатқан қайырымдылық әрекетіміз, еліміздің ертеңгі болашағына   салып жатқан инвестиция. Бүгінгі бала біздің ертеңгі болашағымыз, сондықтан бұлардың әрқайсысы  өз қатарынан қалмай, қажетті білім алуы үшін аянбауымыз керек. Ол әрбіріміздің азаматтық парызымыз», – дейді меценат С.Зайнидинов.
Аудандық филиалдың ғимаратында өткен қайырымдылық шарасына   көмекке зәру көпбалалы отбасылардың ата-аналары мен балалар қатысты. Еске сала кетейік, әйгілі  қаңтар оқиғасы   кезінде   дәл осы кәсіпкер Сабыржан Зайнидинов, серіктесі Бауыржан Қайыңбаев екеуі халыққа 50  миллион теңге көлемінде көмек көрсеткен болатын.  Оның ішінде қаладағы 1 000 тұрғынға азық-түлік алу үшін 20 мың теңгеден қолма-қол ақша таратып шыққанын алматылықтар ұмыта қойған жоқ. Іс-шараға партияның Алматы қаласы  Алмалы аудандық филиалы ұйытқы болды.