«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». «Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Осы орайда Президентіміздің Жолдаудағы: «Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу»,– деген байламына толық қосыламын деп тоқталып өтті.Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, баяндама жасаған Архивтің аға ғылыми қызметкері Евгения Чиликова Президенттің көтерген әлеуметтік мәселелерінің тарихы мен бүгініне тоқталды. Экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – мемлекеттік мекемелерді біртіндеп қайта іске қосу, Қазақстанның әрбір азаматының және тиісінше бүкіл ұлттың әл-ауқатын арттыру үшін елдің азық-түлік қауіпсіздігін дамыту мақсатында ауыл шаруашылығын дамытудың басымдығына назар аударған өте орынды. Жолдаудың осы тезисі аясында Қазақстан Президенті архивінің қорларында сақталған тарихи құжаттардан тамақ өнеркәсібінің бір саласы – қызылшадан қант өндіру туралы ақпаратты келтірді. Мұнда кеңестік Қазақстанның өнеркәсіптік қоры мен тәуелсіз Қазақстанның әлеуетін салыстырып, бірнеше тарихи фактілерді айтып өтті. Мәселен, кеңестік кезеңде өнеркәсіптік өңдеу үшін қант қызылшасын өсірумен еліміздің үш облысында орналасқан 60 мың гектар алаңда 125-тен астам колхоз, совхозд және басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорны айналысқан. Өңдеу өндірістік қуаты тәулігіне 25 мың тонна қызылша болатын 8 қант зауытында жүргізілген. Бүгінде біз тамақ өнеркәсібін ұтымды ұйымдастыра білсек, ұжымдық сапалы еңбек көрсетсек, бұл айтылған тарихи көрсеткішті еселеп артық жүзеге асыра алатынымызды айтып, Президенттің еңбекке баулу бағытындағы бастамаларына қолдауын білдірді. Сондай-ақ ол Жолдауда мемлекеттік құрылымдардың қызметінде цифрландыру үрдісінің заманауи мүмкіндіктерін қолдап, архивте соңғы жылдары бұл бастама негізгі бағыттың біріне айналғанын айтып өтті. Кез келген саланың қызметін цифрландыру стандартталған болуы керек, бұл архив ісіне де қатысты, демек архившілердің алдында көп жұмыс бар, – дейді ол өз сөзінде. Талқылаудың тақырыбын кеңейткен ҚР Президенті архивінің ғылыми қызметкері Талғат Маханбаев өз сөзінде Президентіміз Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейінгі бес Жолдауын тізбектей келіп, осы Жолдаудың мемлекеттілігімізді беріктеудің мынадай бірқатар бағытына: басқару жүйесінде бірнеше өзгеріс орын алатыны; кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетілетіні; халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын жақсарту; табиғи ресурстарды тиімді пайдалану; жаңа оқу орындарының ашылуы мен білім берудегі бірқатар өзгеріс болатынына өзіндік пікірін білдірді. Мұнымен шектелмей қызметкерлер Президент Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы іске асыру бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Нұрлан Тоқсабаев,
ҚР Президенті Архивнің бас сарапшысы