Халықтың мұң-мұқтажына мән беретін саясаткерлер дайындаймыз – Данияр Мұқитанов
Халықтың мұң-мұқтажына мән беретін саясаткерлер дайындаймыз – Данияр Мұқитанов
689
оқылды
Елімізде халықтың 46 пайызы ауылда тұрады. Яғни, мем­ле­кеттің дамуында ауылдардың рөлі ерекше. Дегенмен елді ме­кен­дердің күрмеулі мәселесі де жоқ емес. Кей ауылдар тұралап қал­­ды, тұрғын­дары­ның табысы азайды. Осыны ескерген «AMANAT» партиясы жа­нындағы Саяси менеджмент мектебі биыл «Ауыл аманаты» жоба­сын бастаған болатын. Жоба аясында ауыл әкімдері мен кәсіп бас­тауға дайын азаматтар білім алып, көптеген жеңілдік алып жа­тыр. Бұл жұмыстардың қалай іске асып жатқанын толықтай білу үшін аталған мектебінің директоры Данияр Мұқитановпен сөй­лес­тік. – Әуелі әңгімемізді «AMANAT» пар­тиясы жанындағы Саяси менеджмент мек­тебінің жұмысынан бастасақ. Мектеп саяси кадрларды даярлауда қандай еңбек атқарып жатыр? – «AMANAT» партиясының Саяси ме­­­неджмент мектебі 10 жылдан астам уа­қыт бойы жұмыс істеп келеді. Мектеп құ­рылғаннан бері Мәжіліс депу­тат­тары­ның, барлық деңгейдегі мәслихат де­пу­тат­тарының, әкімдердің, партия қыз­мет­кер­лері мен бастауыш партия ұйымдары­ның белсенді мүшелерінің арасынан 100 мыңнан астам адамды оқытып шығарды. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен партия басшылығының тап­сырмасымен мектеп өз қызметін транс­формациялау және жандандыру үдері­сі­нен өтуде. Мақсатымыз – Жаңа Қазақстан жағ­дайында азаматтармен жұмыс істей алатын, олардың мұң-мұқтажына мән бе­ріп, проблемаларын тиімді шеше ала­тын саясаткерлерді дайындау. Біз бір­жол­ғы қысқамерзімді семинарлар мен тре­нинг­терден неғұрлым жүйелі оқу бағ­дар­ламаларына, онлайн оқытудан офлайн оқытуға, өңірлерге жиі шығып, жергілікті жер­лерде кадрларға білім беріп, оқыту қыз­­меттерін аутсорсингтен жеке бағ­дар­ламалар әзірлеуге, тренерлердің, оның ішінде партия қызметкерлерінің жеке пулын құруға көшудеміз. Мәселен, биыл партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары мен бастауыш пар­тия ұйымдарының белсенді мүшелері үшін базалық медиация курсы бойынша оқыту жүргізілді. Оның аясында 574 адам бі­лім алды. Бұл білім оларға даулы мә­селелерді тиімді шешуге, халықпен жұмыс істеуге көмектеспек. Мектеп «Ауыл аманаты» партиялық жо­басы аясында 13 маусым мен 20 шілде ара­лығында Қазақстанның барлық об­лысының ауыл, ауылдық округ әкімдеріне және аумақтық филиалдарының ат­қару­шы хатшыларына «Табыстарды көбейту мақ­сатында халықтың экономикалық бел­сенділігінің өсуі саласында басшының құ­зыреттілігін арттыру» тақырыбында 3 күндік көшпелі семинар өткізді, бұл се­минар шеңберінде 2 135 адам білім алды. Оқыту барысында қатысушылар ауыл ск­ринингі мен маркетингтік талдау жүр­гізу­ді, ауыл экономикасын дамыту үшін перс­пективалы бағыттарды анықтауды, ауыл­дың мамандануын анықтауды үйрен­ді. Әсіресе, ауыл әкімдері ауылда әлеуетті табысты бизнес жобаларды іске асырудың прак­тикалық дағдыларын меңгерді. Оқы­ту ауыл әкімдеріне тұрғындардың та­быс­тарын нақты арттыруға, «Халықтың та­бысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағ­­дарламасы» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сын іске асыру шеңберінде жұмыс орын­дарын ашуға көмектеседі. Оқу кезінде дағдыларды практикалық жағынан дамытуға баса назар аударылды. Сондықтан семинар барысында қатысу­шы­лар алған білімін іс жүзінде өзекті кейс­тер мысалында пысықтады. Мәселен, ет пен сүт өнімдерін шығаруда, тігін ше­бер­ханаларын ашуда ауылдардың әлеуеті зор. Әкімдер әр жобаны нақты қарас­тыр­ды. Кейіннен курс тыңдаушылары бұл ма­териалды басқа жобалар үшін де үлгі ретінде пайдалана алады. Шындығында, ауыл әкімдері – саяси менеджер, оның түп­кі мақсаты – ауыл тұрғындарының та­бысын жақсарту. Осы біліммен әкімдер ауыл­ды дамытуды тиімді жоспарлап, тұр­ғындарды жаңа кәсіпорындар құруға шо­ғырландыра алады. – Ауыл әкімдерінен бөлек, тұрғындар да білім алып жатқанын білеміз. Бұл қалай жүзеге асуда? – Бұған қоса, біз «Ауыл аманаты» бағ­дарламасы аясында 28 шілдеден бастап 6 қыр­күйекке дейін ауыл халқы арасында рес­публикалық ақпараттық марафон өт­кі­зіп жатырмыз. Мобильді топтар жа­сақ­тал­ды, олардың міндеті еліміздің барлық өңіріндегі халық алдында жобаның мақ­сат­тары мен міндеттерін түсіндіру болды. Біздің топтар еліміздің барлық 17 об­лы­сы­ның 175 ауданындағы 425 ауылға бара­ды, онда әрбір тұрғын өз сұрақтарын қойып, жоба бойынша ақпарат ала алады. Со­­нымен қатар тренерлер мен лек­тор­лар­дың жеке пулын құру үшін біз партия қыз­меткерлерінің ішінен 25 адамды ірік­теп алдық. Олар үшін «Тренингтерді өт­кізу құралдары және фасилитация» та­қыры­бында тренинг өткіздік. Алдағы уа­қытта біз партияның орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының қызмет­кер­лері үшін лекторлар пулын тарта оты­рып, тұрақты негізде партияішілік оқыту жүр­гізетін боламыз. Партияның орталық аппаратының қызметкерлеріне арналған ал­ғашқы тренинг 14 қыркүйекте өтеді, ол «Жаңа партиялық жобалар» тақырыбына арналып отыр. – Академия әйелдер мен жастардың сая­си белсенділігін қалыптастыруға тыры­сып жатқандай көрінеді. Ол жөнінде не айтасыз? – Президент Қ.Тоқаев әйелдер құ­қы­ғын өз саясатының басымдықтарының бірі деп жариялады. Мысалы, Парламент пен мәслихаттарға партиялық тізімдерде әйел­дер үшін 30 пайыздық квота енгізді. Одан бөлек, 2020 жылы тек партиялық ті­зім­дерде ғана емес, сонымен бірге Пар­ламент пен мәслихаттың нақты сайланған депутаттарының 30 пайызын құрайтынын мәлімдеді. Бұл тұста сайлау органдарында осы рөлдерді ала алатын танымал саясат­кер әйелдердің жетіспеушілігі байқалады. Үкіметте тек екі әйел министр болып жұ­мыс істейді, ал қазір облыс әкімдерінің ара­сында әйелдер жоқ. Ауыл әкімдерінің тек 8 пайызы ғана әйелдер. Қазақстанда әйел­дердің саяси көшбасшылығын да­мыту және ілгерілету мақсатында саяси ме­неджмент мектебі Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігі және Конрад Аде­науэр атындағы қормен бірлесіп, Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның қол­дауымен көшбасшы әйелдерге арнал­ған «Томирис» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама шеңберінде конкурстық не­гізде саясат, қоғамдық сектор және «AMANAT» партиясының активі сала­сын­да 30 көшбасшы әйел іріктеліп алын­ды. Олар таяуда 5-9 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қарқынды 5 күндік бағдарлама бойынша оқытылады. Бағдарлама қатысушылардың әртүрлі дең­гейдегі басшылық лауазымдарға та­ғайын­далуына немесе сайлануына көмек­те­сетін дағдыларды, білім мен құзы­рет­ті­лікті дамытуға бағытталған. Аталған бағ­дар­ламада «AMANAT» партиясының Ат­қарушы хатшысы Асхат Ораловпен, Президент Әкімшілігі Басшысының орын­басары Аида Балаевамен, АҚДМ вице-министрі Александр Даниловпен, Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» пар­тиясы фракциясының депутаттарымен кез­десулер қарастырылған. Сондай-ақ Гер­манияның Христиан демократиялық партиясының Әйелдер қанаты делега­ция­сымен кездесу жоспарда бар. Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың тап­сырмасымен біз жас саясаткерлерді даярлау үшін жаңа көшбасшылық жоба – Жас саясаткер мектебін іске қосамыз. Жас­тар еліміздің дамуында үлкен рөл ат­қарады. Біз жастарға еліміздің саяси өмі­ріне белсенді қатысу үшін барлық мүм­кін­дік пен дағдыларды беруіміз керек. Жо­ба аясында біз Қазақстанның түкпір-түк­пірінен саясат саласынан 50 жас перс­пективалы адамды таңдап, олардың дамуын қолдау үшін біліммен, құзы­рет­тілік­пен, дағдылармен қамтамасыз етеміз. Жыл соңына дейін Парламент Мәжілі­сі­нің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәс­лихат депутаттарын саяси комму­ни­ка­циялар бойынша оқытуды көздеп отыр­мыз. Сондай-ақ бастауыш партия ұйым­дарын­дағы белсенді мүшелерінің қыз­ме­тін жандандыруға бағытталған көшпелі оқыту іс-шарасын өткізу жоспарлануда. Бұл жобалардың барлығын жыл сайын, ұзақмерзімді негізде жүргізу жоспарланып отыр. – Халықтың экономикалық белсенділі­гін арттыру үшін ауыл әкімдерін оқыту курс­тары өтуде. Дегенмен осы тұста бір сауал шығады, ауыл әкімдерінің біліктілігі мен мүмкіндігі сәйкесе ме? Кей ауылдарда инфрақұрылымның дамымағаны, әлеуеті төмен екені жасырын емес. – Бағдарлама бойынша барлық өңірді 100 пайыз қамти отырып, 2 135 ауыл әкімі мен партия филиалдарының атқарушы хат­шылары оқытылғанын айттық. Ауыл әкім­дері ауыл скринингін жүргізуді және қан­­дай да бір бағыттар бойынша даму жос­­парларын әзірлеуді үйренгендерін жет­­кізді. Халыққа, кәсіпкерлерге сауал­на­ма жүргізу арқылы ауылды дамытудың не­гізгі бағыттарын анықтап, ауылдың әлеуе­тін бағалай отырып, шағын және ор­та бизнесті дамыту, ауылға инвесторлар тарту арқылы жаңа өндірістер құру бойын­ша практикалық жұмыстар жүргізе бас­тады. Рас, бюджеттің, ауыл әкімінің өкілет­тік­терінің жетіспеушілігіне қатысты проб­лемалар да жоқ емес. Мектептегі се­минарлар барысында әкімдерден мә­селелерді сұрастырып, жүйелендірді, тал­дап шықты. Бұл деректер партияға беріл­ді. Партия бұл мәселелерді жүйелі дең­гейде, оның ішінде «Ауыл аманаты» жо­басы арқылы шешетін болады. Оған қоса, біз академия ретінде өз жұмысымызға жауапты бола отыра, әкімдерге қолда бар­мен ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге кө­мектесетін білім мен дағдыларды ұсы­на­мыз. – «Ауыл аманаты» бірреттік жоба ма, әлде алдағы уақытта да жалғаса бере ме? – Қаржыландыру 2023-2025 жылдар ара­лығында үш кезеңде жүргізіледі. Осы жылдар ішінде бағдарлама аясында жыл сайын республиканың барлық облысына «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға бюд­жеттік кредиттер бөлу көзделетін бо­ла­ды. Несие беру 2023 жылы бастал­мақ. – Кей аймақтар мал шаруашылығына қо­лайлы, басқасы егінге ыңғайлы болуы мүмкін. Жоба бойынша ауыл тұрғындарын кә­сіпке баулу кезінде өңірлердің шаруа­шы­лық ерекшеліктері ескеріле ме? – Жоба аясында әр ауданда, ауылда сауалнама жүргізіледі. Скрининг жолы­мен статистикалық ақпаратты алғаннан кейін ауылдарда әрбір елді мекеннің ең­бек, қаржы және өзге де ресурстарына на­зар аудара отырып, географиялық ерек­ше­ліктері бойынша сандық көрсеткіштер жи­нақталады. Статистиканы талдаумен ауылдың мамандануын және әлеуетті кәсіпкерліктің бағытын айқындайтын, жер­гілікті әкімдіктерге қандай нақты кө­мек көрсету керегін анықтайтын «Ауыл ама­наты» жобалық кеңсесі бар. Зерттеу нәти­желері аудандарда қандай дақылдар өсіруге қолайлы екенін, олардың аума­ғында қандай өндірістер ашуға болатынын анықтауға көмектеседі. – Келешекте «Ауыл аманаты» жоба­сының тиімділігі қандай көрсеткіштермен өлшенеді? Кәсіп ашқандар тұрақты бақылауда бола ма? – Дәл осындай жоба 2019 жылы Жам­был облысында іске қосылғанда жақсы нәтижесін көрсетті. Онда республикалық бюд­жеттен дамуға 7,2 млрд теңге бөлінді. Ақша­лай қаражат 2,5% мөлшерлемемен берілді. 11 ауылдық округ іріктелді. Нәти­жесінде, АӘК алушылар саны 3 есеге қыс­қарып, ауылдарда орташа айлық та­быс 1,7 есеге ұлғайды, ал жұмыссыздар са­ны 36 пайызға азайды. Жамбыл облы­сы­ның мысалында біз ауылдық жерлерде жаңа экономикалық саясаттың негізі қа­лай қалыптасатынын көріп отырмыз, бұл еліміздің басқа өңірлерінде ауыл хал­қы үшін кепілдендірілген табыс көзі бар тұрақ­ты жұмыс орындарын құруға, ха­лық­тың, әсіресе жастардың ауылдан кетуін азайтуға, тұрғындар арасындағы әлеу­меттік шиеленіс деңгейін қысқартуға мүм­кіндік береді. – Әңгімеңізге рақмет!