Қостанай облысы аумағында автожол қозғалысын шектеу бойынша жедел ақпарат жарияланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«3.09.2022 жылы сағат 16.15-те Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-108 шақырымдары аралығында (Тобыл қаласы мен Әулиекөл ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген ресми ақпаратта.