Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы БОРТ№1 Telegram каналына хабарлайды.
«Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді»,-делінген хабарламада.