Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 27 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 63 теңге. Ұлттық банктің 5 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472,47 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңгеден болса, сатып алу құны – 475 теңге. Ресей рублі 7,25 - 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.