50 күн. 17000 шм. 14 ел.
50 күн. 17000 шм. 14 ел.
322
оқылды
Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Черногория, Хорватия, Босния, Герцеговина, Словения, Италия, Швейцария, Венгрия, Румыния, Болгария. Осы елдердің бәрін қазақстандық Нұрсейіт Ниязбеков 50 күн ішінде мотоциклмен жүріп өтті. Сапар ұзақтығы – 17 мың шақырым. Еуропаға мотоциклмен бару идеясы жерлесіміздің ойына осыдан екі жыл бұрын келген екен. Бірақ пандемияға байланысты шыға алмаған. Содан биыл мамыр айының соңында сапарға шығуға бел буған. Сонымен, Шенген визасын алып, мотоциклін сақтандырған соң саяхатын бастаған.
«Менің бағытым мынадай болды: Атыраудан Астраханьға, одан кейін Грозныйға, содан кейін Владикавказға, кейін Тбилисиге, Батумиге, Трабзонға, Самсунға, Анкараға, Измирге бардым. Измирде Грекияға жету үшін паромға көштім. Келесі – Афина, содан кейін Албания және Адриат теңізі бойында – Черногория, Хорватия, Босния және Герцеговина, Словения, Италия. Мен Италияға Триест арқылы, содан кейін Венеция, Милан, Болонья, Флоренция, Рим, Тоскана, Генуя, Домодоссола арқылы келдім, сол жерден Швейцарияға келдім. Ол жерде бес күн тұрдым», – дейді Нұрсейіт Ниязбеков Kaz.tengritravel.kz сайтына берген сұхбатында.
Осы уақыт ішінде Швейцария астанасын аралап, негізгі көрікті жерлері – көлдерді, шыңдарды, асуларын көрген. Италияға Доломит Альпісіне барыпты. Кейін Словенияға жеткен, онда мотоциклі бұзылыпты. Оны жөндеп, Словакия, Аустрия, Венгрия, Румыния, Болгария, Түркия, Грузия, Ресей арқылы елге жеткен. Еуропадан оралған соң жерлесіміз Атыраудан Алматыға мотокөлігін тағы да жүк тасымалмен алдырған екен.