Елімізде өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Небәрі үш күнде аманаттықтар 1 214 тонна гуманитарлық көмек жинады. Бұл – азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және тағы басқа.
«Облыс тұрғындары қостанайлықтардың жағдайына алаңдап отыр. Небәрі бір тәулікте 4 жүк көлігі керек-жараққа толтырылып, зардап шеккендерге жіберілді. Жағдай тұрақталғанға дейін гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз және барлық түркістандықтарды ортақ іске қолдау көрсетуге шақырамыз», – деді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсенбай Тәжібаев.
«Игі іске қол ұшын созған адамдардың қарасы қалың. Осынау сын сағатта ауызбіршілігімізді танытып, ынтымақтаса әрекет етіп жатырмыз. Әркім ортақ іске өз үлесін қосқысы келеді. Қөмек қолын созған адамдардың барлығына алғыс айтамын», – деді ол.