«Ардагерді ардақтайық!»
«Ардагерді ардақтайық!»
762
оқылды
«AMANAT» партиясы Теміржол филиалының «Жол бөлім­шесі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Арда­гер­ді ардақтайық!» жобасы аясында партия ардагеріне құрмет көрсетілді. Теміржол саласының дамуына үлес қос­қан ардагері Назымхан Ораз­баева­­ның өнегелі істерін кейінгі ұрпақ­қа үлгі ету мақсатында ардагерлер кеңе­сі әжейдің үйіне барып мерейлі жа­сымен құттықтады. Партия әрі сала ар­дагері өткен күндерден естелік ай­тып, ой-пі­кірі­мен бөлісіп, ақыл-кеңе­сін берді.
«Теміржол саласындағы еңбек жо­лым тауар кеңсесінен басталды. Мек­теп бітіре салып, жүк және багажды қа­былдап-тапсырушы қызметіне кіріс­тім. 40 жыл бір орында жұмыс істеп, зей­нетке шықтым. 5 балам бар, жол­да­сымның денсаулығы сыр беріп, бірың­ғай емделіп жүргесін, үй-жәй алуға мүм­кіндігім болмады. 15 жылдан астам пә­тер жалдап тұрдым. Жолдасым өмір­ден озды. Балаларымды жетілдіру үшін жұ­мыстан қалмай, сұранбай, мін­дет­тел­ген қызметімді абыроймен атқаруға бар күш-жігерімді салдым. Себеп-сыл­тау айтудан аулақ болып, қоғамдық жұ­­мыстарда белсенділік танытудан жа­­лықпадым. Қарапайым қызметте бол­сам да, ұзақ жылғы еңбек тәжірибем көп жер­де кеңес беруде, маңызды ше­шім­дер қа­был­дауда пайдаға жарады. Со­ның ар­қасында теміржолшы ретінде 4 бөл­мелі үй а­лдым. Өмірге де, темір­жол­­­ға да өк­пем жоқ. Қазір 14 немере, 3 шө­­­бере­нің әжесімін. Ел ертеңін ең­селі ететін жас­тарға айтарым, қиын­дық­тан қаш­пай, Жаңа Қазақстан құру жолында ортақ мақсатқа топтасып, ел игілігіне ба­ғыттталған бастамаларды қолдаң­дар!», – деді Назымхан Ораз­баева.

Асыл ТҰМАР