Жеңіл өнеркәсіп жанданды
Жеңіл өнеркәсіп жанданды
837
оқылды
Негізінен, ауыл шаруашылығына басымдық берілген аграрлы-индустриалды аймақ болғанымен, соңғы уақытта Ақмола облысында жеңіл өнеркәсіп те қарқынды дамып келеді. Кезінде 90-жылдардағы тоқырау тұсында шатқаяқтап, бірқатар өнеркәсіп орны біржола құрып кеткен салаға қазір біртіндеп қан жүгіре бастаған. Бүгінде облыс кәсіпорындарында мыңға жуық адам жеңіл өнеркәсіп саласында екі қолға бір күрек тапқан. Атап айтқанда, «Тоқыма фабрикасы», «Асыл арман», «Диас» тігін фабрикасы, «Самхат» аяқкиім фабрикалары трикотаж тоқымасы, арнайы киімдер мен жекелей тігін саласын жандандыра бастапты.
«Әрине, қазір бізге жеңіл өнеркәсіпте шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсу аса қиынға соғып тұр. Өйткені 1,1 мың тонна синтетикалық маталар Түрікменстаннан, 921,3 тонна қап пен пакет Қытай, Тәжікстан, Ресейден, дайын киім-кешек өнімдерінің 63,7 тоннасы Ресей мен Түркиядан, 51,5 тонна текстиль материалдары Ресей мен Польшадан жеткізіледі. Дегенмен бұл саланың болашағы бар. Жақында өткізілген жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің форумында отандық өнімдер назарға ұсынылып, саланың үздіктері мен ардагерлері аталып өтті», – дейді Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин.
Жалпы, өңірде жеңіл өнеркәсіпте тері аяқкиім өндірісі 1,6 есе, жүн аяқкиім шығару 5,4 пайызға ұлғайған.

Ақмола облысы