Үкімет 1-3 балалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге қатысты мәлімдеме жасады
Үкімет 1-3 балалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге қатысты мәлімдеме жасады
© Сурет ғаламтордан
324
оқылды
ҚР Парламент Мәжілісіндегі депутаттармен кездескен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкімет 1-3 балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу мәселесі қаралып жатқанын айтты. «Халық бізге осы сұрақтар қойды. Біз көпбалалы отбасылар үшін жаңа жәрдемақы енгіздік, 372 мың отбасы алады. Бір-үш баласы бар отбасылар да оларға арналған осындай жәрдемақыны енгізу мәселесін көтереді. Министрлік ішінде біз түрлі тәсілдерді қарастырамыз, қаржылық есеп айырысуды жүргіземіз, бірақ бұл мәселе бюджеттің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Мысалы, көп балалы отбасылар бізде 370 мың, 125 мың отбасы аз қамтылған», - деді ол. Ал бір-үш баласы бар аз қамтылған отбасылар, оның мәліметі бойынша, 190 мың. "Қазақстан бойынша жалпы 2 млн 400 мың отбасы бар. Бұл 15 есе көп қаражат талап етеді. Сондай-ақ, бай отбасыларға бұл жәрдемақыны беру-бермеу үлкен мәселе болып тұр. Біз осы мәселелерді қазір қарастырып, пысықтап жатырмыз", - деп нақтылады Нұрмыбетов. "Бізде балалар мен аналарға көрсетілетін көмек бар. Олар назардан тыс қалмайды. Бізде жәрдемақының 6 түрі бала туғаннан бастап төленеді", - деді ол.