«Қазгидрометтің» мәліметінше, 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Скандинавия түбегінен Қазақстан аумағына жылжитын антициклон әсерінен күн салқындайды.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді.
10-12 қыркүйекте түнде батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстікте, сондай-ақ орталықта топырақ бетінде 1-3 градус аяз болады.