Атырауда жезөкшелер притоны әшкереленді
Атырауда жезөкшелер притоны әшкереленді
© bilimdiler.kz
2,297
оқылды
Жезөкшелер «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталып отыр. Атырау қаласы аумағында орналасқан Авангард мөлтек ауданының тұрғын үйлерінің бірінде жезөкшелік "қызмет көрсеткен" притон әшкереленіп отыр. Іс-шара барысында Ескі базар мөлтек ауданында екі қабатты тұрғын үйдің бірінде интимдік массаж түрімен қызмет көрсететін төрт қызметкер және әкімшісі анықталып, жеңіл жүріспен айналысқан 20 жезөкше есепке қойылды.
"Қазіргі таңда притондар анықталған пәтер иелеріне қатысты "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бабымен іс қозғалып жатыр. Притондарды әшкерелеу операциясын Атырау облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова