Қауіпсіздік ережелерін бұзған
Қауіпсіздік ережелерін бұзған
445
оқылды
Алматыдағы қоймалардың бірі қауіпсіздік ереже­лерін өрескел бұзған. Онда 320 тоннадан астам хи­миялық реактив сақталған. Алматылық полицейлердің «Қорында химиялық реагент­тердің алуан түрі бар» ЖШС-ның қоймаларын тексеруі кезінде техникалық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Кә­сіпорын қоймасында күзет да­былы орнатылмаған, терезе­лерде тор мен байланыс теле­фоны жоқ болып шықты.
– Сонымен қатар ацетон, диэтил спирті, калий пер­ман­га­наты, тұз қышқылы, күкірт қыш­қылы сияқты прекурсорлардың айна­лымы шектелді. Айналымға шектеу қойылған прекурсор­лардың жалпы саны 322 тонна 4 келіні құрады, – деді Алматы қа­лалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполков­нигі Ерлан Әлмағамбетов.
Полиция өкілінің айтуынша, қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Айта кетейік, Алматыда респуб­ликалық ауқымды «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі аяқталды, қала­дағы дәріханалар, емханалар, медициналық мекемелер, био­химиялық препараттар айна­лымына қатысты ұйымдар тек­серілді.