Қазынадан бөлінген қаражатты қанша министрлік игере алмады?
Қазынадан бөлінген қаражатты қанша министрлік игере алмады?
Фото: kznews.kz
515
оқылды
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазынадан бөлінген қаражатын игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады. Министрдің мәліметінше, мемлекеттік бюджет шығысы 98,4%, республикалық 99,5%, жергілікті бюджеттер 97,6% орындалды. Республикалық бюджеттен 11,7 триллион теңге шығыс шыққан. Оның 60 миллиард теңгесі орындалмады. Оның ішінде, 11 миллиард теңгесі   үнемделген,  49 миллиард теңгесі игерілмеген. Атап айтқанда, Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктері бөлінген қаржыны игермеген. Ал жергілікті бюджет шығысы 6,3 триллион теңге, оның 155 миллиард теңгесі орындалмаған. Биыл аймақтарға 3,3 триллион теңге көлемінде нысаналы трансферт қарастырылды. Оған 1,9 триллион теңге бөлініп, 95,6%-ы игерілді. Орындалмаған 85 миллиард теңгенің 7 миллиард теңгесі үнемделген. 78 миллиард теңге игерілмеген. Әсіресе, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды ​​мен Түркістан облысы қаржыны игеріп үлгермеген. Бұған дейін Президент Жолдауында биыл игерілмеген қаржыны келесі жылға қалдыру туралы айтқан болатын.