Әділетті қоғам құру жолындағы қарқынды қадам
Әділетті қоғам құру жолындағы қарқынды қадам
668
оқылды
Осы жыл халқымыз үшін ауыр басталды. Тәуелсіздік тағ­дыры талапайға түсіп, қазақ елінің егемендігі сынал­ған қайғылы жағдай барша әлем жұртшылығын дүр сілкін­дірді. Тек Қазақстан Пре­зиденті Қ.Тоқаевтың қабыл­даған батыл саяси қадамдары­ның арқасында ғана ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз ете алдық. Қаңтар оқиғасы бәрі­мізге ұмытылмас сабақ бол­ды. Ендігі басты мақсат – болашақты мұндай қасіретке жол бер­меу, жалпыұлттық трагедияға ұрын­дырған алғышарттар мен себеп-салдарды жою, қоғамда қордаланған саяси, әлеуметтік-экономикалық түйткілдерді шешу. Бұлардың барлығы, түптеп келгенде, адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен қауіпсіздігі, бостандығы, өмір сүру сапасы мен деңгейі сияқты конституциялық тұрғыда бекітілген ең жоғар­ғы құндылықтар мен қағидаттарды қамтиды. Қаңтар қасіреті халықтың әлеу­меттік-экономикалық жағ­дайы­ның нашарлауынан, әлеу­мет­тік әділетсіздіктерден, ин­фля­ция мен жаппай қымбатшы­лық сияқты қарапайым көп­шілік­тің өміріне тікелей қатысты се­бептерден бастау алғаны жасырын емес. Міне, осы кемшіліктер­ді жою үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түбегейлі реформаларды жүзеге асыруды қолға ал­ды. Бұл жаңашылдық әлеуметтік-экономикалық және саяси саланы тегіс қамтиды. Әсіресе, сайлауға, бейбіт жиындарға және партияларға қатысты елеулі өзгерістер көп. Мемлекет басшысы осы өзгерістер арқылы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын әділетті мемлекет қалыптастырмақшы. Реформалар негізінде елдің экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, мамандар даярлайтын білім беру жүйесін кәсіпорындардағы сұраныстармен үйлестіру, жұмыссыздықты азайту мақсатында жаңа өндіріс орындарын ашу, ауылдық жерлерде спорт кешендерін салу, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан, көпшіліктің көкейінде жүрген өзек­ті мәселелерді шешу көзделген. Президент реформасы еш­кім­ді бейжай қалдырған жоқ. Өйт­кені ол – жаңа дәуірдегі мем­ле­кет тұрақты­лығы мен тәуелсіздігінің кепілі. Ол қоғамның гүл­денуі мен мемлекеттің ертеңіне деген үлкен үміт ұялатады. Ха­лық бұл жаңашылдықтардан оң өзгерістерді, жаңа лепті сезді. Аталған өзгерістер жаңа, әді­лет­ті Қазақстанды құру жолында саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да тың серпін беретіні сөзсіз. Алда келе жатқан Президент пен Парламент сайлауы осы реформалар негізінде жүзеге асырылатын болады.

Жигули ДАЙРАБАЕВ, Қазақстан Фермерлері Қауымдастығының төрағасы