Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзбақ
Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзбақ
3,313
оқылды
Даңқты боксшы жерлесіміз Геннадий Головкин DAZN ұйымымен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзатын болды. Бұл туралы Boxingscene.com журналисі Кит Айдек хабардар етті. Алдағы жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста Геннадий Головкин екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағы үшін мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен тарихи трилогиясын өткізетіні белгілі. Әлем көз тігіп күтіп отырған жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 05.00-ге жоспарланған, әйтсе де басты жекпе-жек 08.00-ден кейін басталады. Бұл жекпе-жек GGG үшін DAZN-мен келісім бойынша бесінші және соңғы жекпе-жек болмақ.
«Сенбі күні кешке оның мансабы аяқталмайды. Головкиннің Альвареспен үшінші жекпе-жегі оның DAZN-мен эксклюзивті келісімшартының соңғы шайқасы болмақ. 2019 жылдың наурыз айында олар алты жекпе-жекке келісім жасайтынын жариялаған еді. Соған сәйкес, Геннадийге 100 миллионнан астам АҚШ доллары төленуі керек еді, бірақ осы сенбіде стриминг қызметі бесінші шоуынан кейін аяқталады», – делінген хабарламада.
Боксшылардың жұдырық түйістіргенін Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тамашалауға болады.