Екі ел арасындағы берік байланыс
Екі ел арасындағы берік байланыс
422
оқылды
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Шах­баз Шарифке іл­типат білдіре оты­рып, жуырда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына және оның елге ай­тарлықтай зар­дабын тигізуіне байланысты тағы да көңіл айтты. Мемлекет басшы­сы Қазақстан­ның достас Пәкістан халқына шынайы тілеулес­тігінің белгісі ретінде табиғи апат­тан зар­дап шек­кендерге гуманитарлық көмек көрсеткенін және бұл елді алдағы уақытта да қол­дауға дайын екенін нақтылады. Мемлекет басшысы екі ел бе­рік серіктестік пен мазмұнды сая­с­и диалог орнатып, сауда-эко­но­­микалық және көлік-логис­ти­калық байланыс­тарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жат­қанына тоқталды. Шахбаз Шариф қиын-қыстау жағдайда еліне қол­дау көрсеткені үшін Қа­зақ­стан Президентіне зор ризашы­лы­ғын білдірді. Пә­кістан Премьер-министрі жойқын су тас­қыны климаттың өзгеруі сал­дарынан болып отырғанын айтты. Ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көпжақты ынтымақ­тастықты нығайтуға дайын еке­нін, сондай-ақ екі елдің сауда-эко­номикалық серіктестігін арт­тыруға ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.