Инвестицияны көбейту қажет
Инвестицияны көбейту қажет
529
оқылды
«AMANAT» партиясы жа­нындағы Энергетика комитеті Мемлекет басшысының 1 қыр­күйектегі Жолдауын талқылап, соның аясында жаңа тарифтік саясатқа көшу мәселесін кө­терді. Сондай-ақ жиында Энергетика вице-министрі Жандос Нұр­ма­ған­бетов энергетикалық кәсіпорын­дар­дың жылыту маусымына да­йындығы туралы есеп берді. Вице-министрдің айтуынша, 2035 жылға қарай тозығы жеткен электр қуатының желілерін 15 па­йызға қысқарту үшін жыл сайынғы инвестицияны үш есеге арттырып, жаңа тарифтік саясатқа көшу шең­берінде жұмыс тәсілін өзгерту қажет.
«Бүгінде «Электр энергиясы нарығы» аясында салаға салынған инвестицияны қайтару үшін бөлі­нетін қаражат көлеміне шектеу бар, 32 миллиард теңге белгілеген. Алайда оны 100 миллиард теңгеге дейін арттыру қажет. Өйткені элек­тр энергиясы тарифтерін тежеу бойынша қолданыстағы саясат инфляцияның өсуін толық есепке алмаған. Сонымен қатар бұл сала­ның инвестициялық тартымды­лы­ғын ұмытпау керек. Бұл тәсілді қайта қарау қажет, – дейді Жандос Демесінұлы.
Жылыту маусымына дайын­дық­ты талдау нәтижесі бойынша Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Маңғыстау, Ақмола, Пав­лодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының жылыту маусымына дайындығын әлі де назарда ұстау керегі анықталды. Отырысты Парламент Мәжілі­сінің депутаты, комитет төрағасы Дүйсенбай Тұрғанов жүргізді. Талқылауға «AMANAT» партия­сының хатшысы Эльдар Жұмаға­зиев, «Энергоинвест ЛТД» ЖШС өкілі Анатолий Шкарупа, «Са­мұ­рық-Энерго» АҚ басқарма төра­ға­сы Серік Тютебаев, KEGOC АҚ бас­қарма төрағасы Қаныш Мол­дабаев, QCC ЖШС басқарушы директоры Жақып Хайрушев, «Қа­зақстан электрэнергетика қауым­дастығы» АҚ төрағасы Талғат Темірханов қатысты.