Бүгін Қызылорда қаласы күніне орай Сыр Ана монументінде «Ауыл – елдің айнасы» айдарымен «Ауылым берекенің ақ бесігі» этноауыл мерекесі өтті. Бұл Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастырылуымен 1 айлық іс-шара негізінде өтті. Тоқшылық мерекесіне қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара барысында Бауырсақ Party, Шұбат-қымыз Fest, Қауын-қарбыз Fest фестивальдары ұйымдастырылды. Оның ішінде бақша, көкөніс өнімдерінен түрлі бейнедегі көрмелер ұсынылды. Сондай-ақ алтыбақан құрылып, садақ атудан сайыстар өтті. Алаң қазақы нақышпен безендіріліп, ата-бабаларымыз тұтынған көне бұйымдар ел назарына ұсынылды.
Ербақыт Жалғасбаев, Қызылорда.