Мемлекет басшысы Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығы өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен кездесті, – деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.
Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Grupo Los Grobo – жылдық табысы 1 миллиард доллардан асатын Латын Америкасындағы астық және соя өндіретін ірі компания.