Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,61 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 478, 26 теңге.
Ұлттық банктің 20 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 54 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 478,5 теңге.
Ресей рублі 7,45-7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.