Екі ауылға газ берілді
Екі ауылға газ берілді
549
оқылды
«AMANAT» партиясы Ордабасы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында 2021-2025 жылдары өңірдегі 25 елді мекенге газ құбырын тарту жоспарланған. Биыл аудандағы Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Боралдай және Қызылсеңгір ауылдары көгілдір отынға қол жеткізді. Ауыл тұрғындарының қуа­нышын бөлісуге келген аудан әкімі Нұрбек Бадырақов тиісті жұмыстар қазан айына дейін аяқталып, халыққа мерзімінде газ беріліп отырғанын жеткізді.
«Ауданға әкім болып та­ғайын­далған кезде 57 елді мекеннің бар­лығын аралап шықтым. Ауыл­дар­да жүзеге асырылуы тиіс мәсе­лелерді сондағы тұрғындармен бірге талқыладық. Солардың бірі, елді мекендерді газбен қамту мә­селесі болатын. Боралдай мен Қызылсеңгірге қазан айына дейін газ беріледі деп уәде берілген еді. Бүгін сол сәт туып, қуаныш­та­рыңызға ортақтасып отырмыз, – деді аудан басшысы.
Боралдай елді мекенінде 80-ге тарта үй бар, онда 500-ге жуық тұрғын өмір сүреді. Ал 57 тұрғын үйі бар Қызылсеңгір ауы­лында 400-ден астам халық тұ­рады. Жалпы Ордабасы ауданын­дағы 57 елді мекеннің төртеуі ға­на, яки 17 пайызы табиғи газ­бен қамтылған. Келесі жылы бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу жоспарлануда.