Күләшқа кеш арнады
Күләшқа кеш арнады
532
оқылды
Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филор­мониясы биылғы концерттік мау­сымын Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойына арналған «Бұлбұл» атты концертпен ашты. Қазақ оркестрінің шығармашылық кешінде Динаның «Әсем қоңыр», Жамбылдың «Күләшқа» әні, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан «Гәкку», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» мен «Бұлбұл», Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан айтыс, «Абай» операсынан Ажар ариясы, «Қыз Жібек» операсынан «Шегенің термесі» орындалды. Концертте еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Арайлым Рахымқызы, Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Бибігүл Жанұзақ, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Феруза Рахметова, Әйгерім Аманжолова, Әйгерім Ораз, Талғат Аллабиринов, Ботагөз Тәшімова өнер көрсетті. Қазақ оркестрінің бас дирижері – еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, ал дирижері мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов болды.

 Асыл ТҰМАР