Аймақтың әлеуметтік көрсеткіші жоғары
Аймақтың әлеуметтік көрсеткіші жоғары
© коллаж: Елдар Қаба
499
оқылды
Ақмола облысы өңірлер ара­сында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша көшбасына шық­ты. Жыл басынан бері ауыл ша­руашылығы, өнеркәсіп және құ­рылыс саласын­да серпінді жобалар жүзеге асырылған. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті. Ауыл шаруашылығы алға басты Облыс әкімінің айтуынша, өңір бірқатар экономика са­ла­лары қа­лыпты қарқынмен алға басып негізгі әлеуметтік-эко­но­микалық көрсеткіштерде ілгері­леушілікке қол жеткізілген. Қазіргі уақытта аграрлы аймақ еліміздегі ауыл шаруашылығын­дағы ішкі өнімнің 8 пайызын қам­тамасыз етіп отыр. Егістік кө­лемі 200 мың гектарға артып, жал­пы көлемі 5,2 миллион гектар алқапқа жеткен. Бұл көрсеткіш елдің астық өнімінің төрттен бірін өндіретін ең үлкен егіс даласы. Мем­лекетті ет өнімдері­мен қам­тамасыз етуде де облыстың үлесі зор. Аршалы ау­­данында жылына 6 мың тон­на­дан астам мал өнім­дерін өң­дейтін өнеркәсіптің іске қо­сылуының және Бұланды ауда­нында Орта Азиядағы ең ірі құс фабрикала­рының бірі қыркүйекте аяқталуының арқа­сын­да тамақ өнеркәсібін ұлғайта түскен. Мұнымен қоса, аймақ аграр­лық сала мен өнеркәсіп өн­ді­рісінде де кеңінен қанат жая бас­таған. Өнеркәсіптік тауарлар шығару көрсеткіші жөнінен об­лыс респуб­ликалық рейтингте екін­ші орынға жайғасқан. Өнеркәсіп өндірісі тың серпін алды
«Биылғы жылы өнеркәсіп өн­дірісінің көлемі 1 триллион 300 миллиард теңгеге дейін жетеді деп жоспарлап отырмыз. Өсім әсіресе та­мақ өнеркәсібі, металлургия және құрылыс индустриясы са­­ла­­сы есе­бі­нен жоғарылайды деп кү­ті­леді», – дейді Ермек Маржықпаев.
Соңғы деректер бойынша об­лыс еліміздегі алтынның әрбір төр­тінші килограммын, маман­дан­дырылған автокөліктер мен астық өндіру комбаиндарының әрбір екіншісін, шығарылған әр­бір трак­тордың үшіншісін, жүк кө­ліктерінің сегізіншісін, құс еті­нің әрбір төр­тінші тоннасын, өң­делген сүттің жетінші тонна­сын, мұнымен қоса, өсімдік май­лары мен ұнның көп бөлігін өн­діруге қол жеткізген. Жыл басынан бері Степногор қаласындағы фабрикадағы өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен метал­лургия өнеркәсібі де алға басқан. Химиялық өнеркәсіпте ауыл ша­руа­шылығы дәнді дақылдарын зиян­кестерден қорғайтын пес­тицидтер мен этил спиртін өңдеу көлемі өскен. Құрылыс қарқыны қатты Облыс орталығы – Көкшетау­да құрылыс кірпішін шығаратын «ENKI» кірпіш зауытының өн­дірісі көлемін ұлғайтып, жы­лына 90 миллион дана кірпіш шы­ғара­тын жаңа зауыттың са­лынуы, сон­дай-ақ, Аршалы ауда­нында жылына 120 мил­лион дана кірпіш шығаратын зауыт­тың іске қосылуы өңірде құ­ры­лыс саласы­ның дамуын еселеп арттырған. Бүгінде облыс республикада шығатын құрылыс өндірісінде рекордтық 30 пайызға жеткен. Осының арқасында өңір халқының тұрғын үймен қамта­ма­сыз етілуі де жақсара бастаған. Өңір тұрғын үй құрылысы жөні­нен рес­публика бойынша үздік ондыққа кіріп отыр. Биыл жыл соңына дейін 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Әлеуметтік саланың әлеуеті мықты Облыста әлеуметтік салаға да ба­са мән беріліп келеді. Жыл соңы­на дейін ғана 5 мектеп пай­да­лануға беру жоспарланса, Қос­шы қала­сында оқу жылының ба­сында 1200 орындық мектеп есігін айқара аш­қан. Сонымен қатар 11 мектепті жөндеу жұмыс­тары аяқ­талуға таяу. Жыл басынан бері облыста 11 мың­нан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, оның ішінде 6 мыңнан астамы халықты тұрақты жұмыспен қам­тымақ. Жалпы 2025 жылға дейін өңір­де 300-ден астам жаңа жоба­лар жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жаңадан 13 мыңнан астам жұ­мыс орнын ашу­ға мүмкіндік бермек.

Ақмола облысы