Мергендер сынға түседі
Мергендер сынға түседі
614
оқылды
Кеше Хорватияның Осиек қаласында стенд атудан Әлем чемпионаты басталды. Қазанның 12-не дейін 75 мемлекеттен келген таңдаулы 650-ге жуық мерген Париж Олимпиадасына берілетін 16 жолдама үшін таласады. Оның 8-і скит, қалғаны трап бағдарламасында үлестіріледі. Бұл – стен атудан лицензия сарапқа салынып жатқан алғашқы жарыс. Чемпионатқа Қазақстан құрамасы 23 спортшы жіберді. Олардың ішінде Әлішер Айсалбаев, Рақым Асади, Максим Бедарев, Артем Чикулаев, Илья Пеньков, Виктор Хасянов, Максим Почивалов, Артем Седельников, Александр Ещенко, Эдуард Ещенко, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Александр Мухамедиев бар. Ал әйелдер арасында әлемдік жарыста Нұрай Жәнібекқызы, Айжан Досмағамбетова, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева, Сәрсенкүл Рысбекова, Мария Дмитриенко, Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Наталья Платонова, Анастасия Прилепина бақ сынайды.