«Халыққа көмек» жобасы аясында «AMANAT» партиясының Жамбыл аудандық мәслихат депутаттары және жеке кәсіпкерлер Қостанайда табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткен.
Олар жергілікті тұрғындарға қажетті азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек пен төсек жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Оның бәріне 5 млн 444 мың теңге жұмсалды. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының барлық өңірлік филиалдары жексенбіде гуманитарлық көмек қабылдау бекеттерін ашты. Оған қоса, аманаттық волонтерлер, "Жастар рухы" Жастар қанатының мүшелері Қостанай облысындағы жермен-жексен болған ауылдарды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты. Өзге партиялар да барынша көмек көрсетіп, гуманитарлық көмек жолдаудың қамын жасауда.